2023 жылда «Дипломмен ауылға!» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ақпарат

"Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы
8 шілдедегі № 66 Заңының 18 бабы 8 тармағына сәйкес 2009 жылдың
1 қаңтарынан бастап ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне жергілікті өкілді органдардың (мәслихаттардың) шешімі бойынша көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсетіледі.

2023 жылда 40 маманға 345,0 мың теңге көлемінде (1 алушыға - 100 АЕК) жалпы 13 800,0 мың теңгеге көтерме жәрдемақы жоспарланды және төленді, соның ішінде салалар бойынша:

 білім беру – 7 245,0 мың теңге сома 21 маманға;

денсаулық сақтау – 690,0 мың теңге сома 2 маманға;

мәдениет – 1 035,0 мың теңге сома 3 маманға;

әлеуметтік қолдау – 3 105,0 мың теңге сома 9 маманға;

спорт - 345,0 мың теңге сома 1 маманға;

 АӨК – 345,0 мың теңге сома 1 маманға;

мемлекеттік қызметшілер - 1 035,0 мың теңге сома 3 маманға.

Республикалық бюджет қаражаты есебінен бюджеттік несие беру үшін ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген
12 маманға 62 100,0 мың теңге бөлінді, соның ішінде салалар бойынша:

білім беру – 15 525,0 мың теңге сома 3 маманға;

денсаулық сақтау – 10 350,0 мың теңге сома 2 маманға;

мәдениет – 10 350,0 мың теңге сома 2 маманға;

әлеуметтік қолдау – 10 350,0 мың теңге сома 2 маманға;

спорт – 5 175,0 мың теңге сома 1 маманға;

 АӨК – 5 175,0 мың теңге сома 1 маманға;

мемлекеттік қызметшілер - 5 175,0 мың теңге сома 1 маманға.

2023 жылда «Дипломмен ауылға!» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ақпарат
Дата публикации
20 февраля 2024