Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданы мәслихатының
2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 11/159
«2024-2026 жылдарға арналған
Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданының бюджетін бекіту туралы»
шешіміне өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«1. 2024-2026 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданының бюджеті сәйкесінше 1, 2, 3 - қосымшаларға сәйкес,
соның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 4 593 539 мың теңге:
салықтық түсімдер – 1 256 869 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 37 479 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 9 565 мың теңге;
трансферттер түсімдері – 3 289 626 мың теңге;
2) шығындар – 4 593 541,3 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 4 097 мың теңге:
бюджеттік кредиттер – 60 918 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 56 821 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу - 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - - 4 099,3 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
4 099,3 мың теңге:
қарыздар түсімі – 60 918 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 56 821 мың теңге;
бюджет қаражатының
пайдаланылатын қалдықтары – 2,3 мың теңге.»;
келесі мазмұндағы 1-1 тармақпен толықтырылсын:
«1-1. 2024 жылға арналған аудан бюджетінде шығындар қаржылық жылдың басына қалыптасқан бюджеттік қаражаттың бос қалдықтары есебінен, 2023 қаржылық жылда нысаналы трансферттер есебінен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан 0,1 мың теңге сомада, облыстық бюджеттен
2,2 мың теңге сомасында бөлінген пайдаланылмаған нысаналы трансферттерді қайтару 4 қосымшаға сәйкес қарастырылсын.»;
аталған шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын;
аталған шешім осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес 4 қосымшамен толықтырылсын.