«Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау хаттамасы
Явленка ауылы 2026 жылғы 13 шілде
16.00 сағат
Төрағалық етті: Оспанов Е. Е. - Қоғамдық кеңестің төрағасы
Өтетін орны: А. Иманова, 78а, 31 кабинет
Қатысты: Қоғамдық кеңес мүшелері: Е.М.Тұтқышев, А.С.Некібаев, Н. М. Бимақанов, Б. Т. Қойшыбаев, Н. М. Октябрь, А. А. Смоленская, Б. С. Кенжеғалиева, Г. М. Ахметова, А. А. Мәжікеева.
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімінің қызметкерлері (тізім бойынша)
КҮН ТӘРТІБІ:
«Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау туралы
ТЫҢДАДЫ:
«Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері туралы ақпарат
(Е. А. Дыкина – Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігі экономика және қаржы бөлімінің аудандық бюджеттің атқарылуы бойынша бюджеттік есепке алу және есептілік жөніндегі бас маманы)
«Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері туралы ақпарат талқыланды:
1) талдау объектісінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Е. А. Дыкинаның сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері туралы ақпараты талқыланып, назарға алынды.
«Есіл ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің атына қоғамдық талқылау нәтижелері бойынша ұсыныстар, ескертулер түскен жоқ.