«Байланыс саласындағы 2023 - 2027 жыл аралағында «Қолжетімді Интернет» ұлттық жобасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының орындалысын бағалау» бойынша жүргізілген сараптамалық-талдау іс-шарасы бойынша ақпарат

Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында 2026 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес «Байланыс саласындағы 2023 - 2027 жыл аралағында «Қолжетімді Интернет» ұлттық жобасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының орындалысын бағалау» бойынша жүргізілген сараптамалық-талдау іс-шарасының қорытындысы қаралды.         
Жүргізілген сараптамалық - талдау іс-шарасымен  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 27 қазандағы №949 қаулысымен бекітілген «Байланыс саласындағы «Қолжетімді Интернет» ұлттық жобасының»01.08.2026 жыл жағдайына өңірдегі орындалысына бағалау берілді.

«Қолжетімді Интернет» ұлттық жобасының мақсаты - халықты және кәсіпкерлік субъектілерін Интернет желісіне жоғары жылдамдықты қолжетімділікпен қамтамасыз ету (≥100 Мбит/с).

Ұлттық жобаны іске асыру мерзімі: 2023 – 2027 жылдар.

Күтілетін нәтижелер: 2027 жылы кең жолақты қолжетімділіктегі үй желілерінің Интернетке ену деңгейі – 100 %-ға жеткізу.
Ұлттық жобаны іске асыруда бекітілген іс-қимыл жоспарына сәйкес  2025 жылы Маңғыстау облысы әкімі мен Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлескен Жол картасы бекітілген.           Бекітілген іс-қимыл жоспарына, Жол картасына  сәйкесхалықты және кәсіпкерлік субъектілерін Интернет желісіне жоғары жылдамдықты қолжетімділікпен қамтамасыз ету мақсатында өңірде 2 міндет көзделген:         

1-міндеті. Сымды байланыс инфрақұрылымын дамыту.

2-міндеті. Сымсыз байланыс инфрақұрылымын дамыту.
Жүргізілген сараптамалық-талдау іс-шарасы қорытындысымен Сымды байланыс инфрақұрылымын дамыту міндеті бойынша Маңғыстау облысы бойынша 2024-2025 жылдарға жоспарланған көрсеткіштерге толық қол жеткізілмеген. Атап айтқанда:
Ұлттық жоба жоспары мен Жол картасы бойынша Маңғыстау облысында халық саны аз 4 елді мекенде (Аққұдық, Жарма, Сазды, Басқұдық ауылдарында) талшықты-оптикалық байланыс желілері жүргізу 2025 жылға жоспарланғанымен, 01.08.2026 жыл жағдайына орындалмаған, яғни талшықты-оптикалық байланыс желілері жүргізілмеген.
Салдарынан  шалғай орналасқан, халық саны 250 ден аспайтын ауылдық елді мекендерде тұратын халықты және кәсіпкерлік субъектілерін Интернет желісіне жоғары жылдамдықты қолжетімділікпен қамтамасыз ету мүмкіндігі шектеліп отыр.
Нәтижесінде, «Талшықты-оптикалық байланыс желілерін ауылға дейін жеткізу» деңгейін 80%-ға жеткізу көрсеткішіне қол жеткізілмей, деңгейі 33,3% -ды құрады.
Сымсыз байланыс инфрақұрылымын дамыту міндеті бойынша  Республикалық және негізгі облыстық жолдарды мобильді кең жолақты қол жеткізумен (МКЖҚ) қамту үшін:
1)  «Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сай-Өтес – Шетпе – Жетiбай – Ақтау порты» (Шетпеге кірме жолмен және Жетібай арқылы жүріп өтумен)
2) «Жетiбай – Жаңаөзен – Кендірлі – Түрікменстан (Тәжікстан) Республикасының шекарасы» (Түрікменбашыға)
3) «Ақтау – Құрық»
4) «Құрық – Жетібай»
5) «Бейнеу – Ақжiгіт – Өзбекстан Республикасының шекарасы» (Нүкіске) жолдарындаантенді-діңгекті құрылыстарын (АДҚ) салу                2025 жылы аяқталуы  жоспарланғанымен  бүгінде  01.08.2026 жыл жағдайына  құрылыстары салынбаған. Цифрлық инфрақұрылымдардың, яғни  биік мұнаралар - антенна-діңгекті құрылыстарының (АДҚ) мерзімінде (2025 жыл) аяқталмауы салдарынан 01.08.2026 жыл жағдайына жол бойындағы учаскелерде байланыстың толық болмауы немесе өте нашар болуы орын алып отыр.
Нәтижесінде, Сымсыз байланыс инфрақұрылымын дамыту міндетінің тиісті көрсеткішіне:«АЕМ-ді Интернетке кең жолақты қолжетімділікпен қамту (%)» 2026 жылы 90%-ға жеткізу көрсеткішіне қол жеткізілмеген,орындалу деңгейі 86%.
Бүгінде  жергілікті бюджет есебінен антенна-діңгекті құрылыстарының жобалау сметалық құжаттамалары жасақталып, құрылысын салу үшін байланыс операторларымен сметалық құжаттамаларды аукцион арқылы сатып алу жүргізілуде.
Жоспарланған іс-шаралардың уақтылы 2024-2025 жылдары, сондай-ақ бүгінгі 01.08.2026 жыл жағдайына дейін орындалмауы – Ұлттық жобаның 2027 жылы жоспарланған мерзімінде орындалу қаупін арттырып отыр.
Дата публикации
30 сентября 2026