Салықтық әкімшілендіру тиімділігінің, жергілікті бюджетке салықтар мен басқа да төлемдер түсімдерінің толықтығы мен уақтылылығына» жүргізілген аудиторлық іс-шара нәтижесі қаралды.
Жүргізілген аудит нәтижесімен 2024–2025 жылдары Маңғыстау ауданының жергілікті бюджетіне түсетін түсімдер бойынша жиынтық қаржыландыру жоспарын қалыптастыру кезінде түсімдер көлемі оларды негіздейтін нормативтік құқықтық актілермен, есептік көрсеткіштермен және өзге де растайтын құжаттармен жеткілікті түрде айқындалмағаны анықталған.
Соның салдарынан бюджет кірістерін жоспарлау объективті және нақты есептеулерге емес, жеткілікті негіздемемен расталмаған болжамдарға сүйене отырып жүзеге асырылған. Нәтижесінде жергілікті бюджет түсімдерінің жоспарлы көрсеткіштерінің шынайылығы мен дәлдігіне теріс әсер етіп, бюджеттік жоспарлау сапасының төмендеуіне тәуекел туындаған.
Бұл өз кезегінде, салықтық түсімдердің жоспарлы көлемі негізделген есептеулермен және уәкілетті орган бекіткен болжау тәсілдерімен расталмай айқындалған, бұл бюджет кірістерін жоспарлау сапасының төмендеуіне әкелген.
Одан әрі, Басқарма ережесі қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестендірілмеген, бұл мемлекеттік орган қызметінің құқықтық негіздерінің өзектілігін қамтамасыз ету талаптарының сақталмауына және қызметті нормативтік құқықтық тұрғыдан реттеудің жеткіліксіздігіне әкелген.
Басқармамен салық төлеушілер тарапынан жалпы сомасы 36 044,0 мың теңге көлемінде салықтық берешектің қалыптасуына жол берілген.
Бұл бюджетке түсетін түсімдердің толық әрі уақтылы қамтамасыз етілмеуіне, жергілікті бюджет кірістерінің орындалу көрсеткіштерінің төмендеуіне және бюджет қаражатын жоспарлау мен атқару тиімділігіне теріс әсер еткен.
Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдармен (аудан әкімдігімен және оған қарасты атқарушы органдармен) өзара бірлескен бақылау шаралары әзірленбеген және қабылданбаған. Бұл өз кезегінде салық төлеушілерді бақылау, салық берешегінің алдын алу және өндіріп алу бойынша уақтылы әрі тиімді шаралар қабылдауды қиындатып, жергілікті бюджет кірістерінің толық түсуіне тәуекелдердің артуына алып келген.
Басқарманың әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау және қарау бойынша міндеттері тиісті дәрежеде орындалмаған.
2025 жылы жергілікті бюджетке түсетін жалпы сомасы 24 665,5 мың теңге мөлшеріндегі міндетті төлемдер уақтылы өндірілмей, аудит барысында өндірілді.
Басқармада өз қызметін ұйымдастыру және ішкі тәртіпті реттейтін регламент бекітілмеген. 2024–2025 жылдарға арналған жұмыс жоспарлары бекітілгенімен, олардың негізінде әзірленуге тиіс құрылымдық бөлімшелердің (бөлімдердің) жұмыс жоспарлары әзірленбеген.
Бұдан бөлек, Басқарманың штаттық кестесінде құжаттамалық қамтамасыз ету қызметі көзделмегеніне қарамастан, құжаттаманы басқару жөніндегі міндеттер тиісті лауазымды тұлғаға жүктелмеген.
Бұл құжат айналымын ұйымдастырудың тиімділігіне, құжаттарды басқару процесінің сапасына және құжаттамамен жұмыс істеу кезінде ішкі бақылаудың жеткілікті деңгейде қамтамасыз етілмеуіне алып келген.
Жоғарыдағыларды қорыта келе, Салықтық әкімшілендіру тиімділігінің, жергілікті бюджетке салықтар мен басқа да төлемдер түсімдерінің толықтығы мен уақтылылығына жүргізілген мемлекеттік аудит бойынша тексеру комиссиясымен «қанағаттанарлық» деңгейде деген баға беріледі.