«Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын іске асыруға 2023-2025 жылдары Ақтау және Жаңаөзен қалалары бойынша бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуын бағалауға» сараптамалық-талдау іс-шарасының НӘТИЖЕСІ

    Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында Ақтау және Жаңаөзен қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімдеріне жүргізілген сараптамалық талдау іс-шара нәтижесі қаралды.
    Әлеуметтік қолдау шараларын іске асыруға бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуын бағалау, 2023 жылдың қаңтар айының 01-нен бастап, 2025 жылдың желтоқсан айының 31-ін қоса алғандағы аралық қамтылды.
    Ақтау қаласы бойынша 453.006.519 «Мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін бюджеттік кредиттер» 2023 жылы 5 175,0 мың теңге бөлініп, 1 маманға бюджеттік кердит берілген. 2024 жылы 7 384,0 мың теңге 1 маманға. 2025 жылы 7 864,0 мың теңге 1 маманға берілген.
    453.099.015 «Мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету жөніндегі шараларды іске асыру» 2023 жылы 1 172,0 мың теңге бөлініп, 2 маманға көтерме жәрдемақы берілген. 2024 жылы 1 236,9 мың теңге 2 маманға. 2025 жылы 1 937,0 мың теңге 2 маманға берілген.
    Жаңаөзен қаласы бойынша 453.006.519 «Мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін бюджеттік кредиттер» 2023 жылы 72 450,0 мың теңге жоспарланып бөлініп, 14-маманға бюджеттік кредит берілген. 2024 жылы 110 760,0 мың теңге 15-маманға. 2025 жылы 117 960,0 мың
теңге 15-маманға берілген. 453.099.015 «Мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету жөніндегі шараларды іске асыру» 2023 жылы 19 139,0 мың теңге жоспарланып, 35 маманға көтерме жәрдемақы берілген. 2024 жылы 38 217,0 мың теңге 81 маманға. 2025 жылы 27 894,0 мың теңге 45 маманға берілген.
    Жыл сайын әлеуметтік қолдау шараларына қатысатындар саны айтарлықтай өзгермеген, тұрақтылық деңгейі сақталған. Ақтау қаласы 2023-2025 жылдары бекітілген қажетті мамандар тізбесінің 68,9% әлеуметтік қолдау шаралары жүзеге асырылмаған (бекітілген тізбе 29,
берілген кредит және көтерме жәрдемақы 9), Жаңаөзен қаласы бойынша бекітілген қажетті мамандар тізбесінің 33%-на әлеуметтік қолдау шаралары жүзеге асырылмаған (бекітілген тізбе 306, берілген кредит және көтерме жәрдемақы 205). Мұндай жағдайда, қажетті мамандарды тарту көрсеткіші жоспарланған деңгейге толық жетпеген (бекітілген қажетті мамандар тізбесін
толық қамтамасыз етілмеген) тізімінің толық қамтамасыз етілмеуі ауылдық жерлерді қажетті кадрлармен толықтыру бойынша әлі де резервтердің бар екенін көрсетті.
    Сараптамалық талдау іс-шарасы барысында, Ақтау қаласы әкімдігінің 18.08.2023 жылғы №24-Ө өкімімен бекітілген сұранысқа ие мамандықтар тізбесіне білім беру саласы бойынша «есепші» мамандығы енгізіліп, Қағида талаптарының бұзылуына жол берілген және тізбені қалыптастыру кезінде нормативтік құқықтық акт талаптарының сақталмағанын көрсетті және Жаңаөзен
қаласы бойынша 2023 жылы сұранысқа ие мамандықтар тізбесінде 28.02.2023 жылғы №73 Қаулысында «фельдшер» мамандығы көзделмесе де, әлеуметтік қолдау шарасы көрсетілген, нәтижесінде аталған бұзушылық жауапты тұлғалардың қажетті мамандықтар тізбесін қалыптастыру кезінде нақты кадрлық қажеттілікті толық ескермеуінен және тізбеге тиісті өзгерістер мен
толықтыруларды уақтылы енгізбеуінен туындаған.
    Тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдауға бюджеттік несие сомасының жеткіліктігін бағалауда «Крыша.кз» интернет-ресурсындағы мәліметтер зерделеніп, Ақтау және Жаңаөзен қалалары бойынша берілген бюджеттік кредит мөлшері тұрғын үйдің нақты нарықтық құнымен салыстырғанда жеткіліксіз екенін көрсетті және тұрғын үй бағасы жыл сайын өсу
үрдісі байқалды. Осыған байланысты тұрғын үй нарығындағы бағаның өсуі мен бюджеттік кредит мөлшерінің арасындағы айырмашылық «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша әлеуметтік қолдау шараларының тиімділігіне әсер ететін фактор ретінде бағаланады.
    Жалпы алғанда, «Дипломмен ауылға» жобасының ауылдық елді мекендерді қажетті еңбек ресурстарымен қамтамасыз етуге, әлеуметтік салалардағы мамандарды тартуға және олардың ауылдық аумақтарда тұрақтап қалуына бағытталған маңызды мемлекеттік қолдау тетігі екенін көрсетті.
    Сараптамалық-талдамалық іс-шарасы бойынша «Дипломмен ауылға» жобасын іске асыру тиімділігін арттыру, әлеуметтік қолдау шараларының қолжетімділігін қамтамасыз ету және бюджет қаражатын пайдалану тиімділігін жоғарылату мақсатында бірқатар ұсынымдар берілді. Отырыста осы сарапталық-талдау іс-шараның нәтижелері қаралып, қорытындыны бекіту туралы тиісті қаулы қабылданды.

Дата публикации
30 июня 2026