«Қала және аудандардағы коммуналдық меншіктің тиімді басқарылуына баға беруге жүргізілген аудиторлық іс-шара нәтижесі ақпараты

«Қала және аудандардағы коммуналдық меншіктің тиімді басқарылуына баға беруге» жүргізілген аудиторлық іс-шара нәтижесі қаралды.

Жалпы аудит нәтижесімен - 249,7 мың теңгеге есеппен қалпына келтірілуге жатқызылып отырған қаржылық бұзушылықтар, жіберіп алған пайда көлемі - 331 748,9 мың теңге, бюджетке түсетін түсімдер бойынша анықталған қаржылық бұзушылықтардың сомасы - 16 733,0 мың теңге, 310 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар және 3 жүйелі бұзушылықтар анықталды.

Аудит барысында 249,7 мың теңге қалпына келтірілді. Бюджетке түсуге жатқызылып отырған 16 733,0 мың теңгенің 15 662,0 мың теңгесі бюджетке өтелді.

Лауазымдық нұсқаулықтар мен функциялар - кейбір міндеттер мен өкілеттіктер нақты көрсетілмеген, кейбір міндеттер формальды енгізілген, бірақ орындалмаған,  коммуналдық мүлікті пайдалану, бақылау және жалға беру мәселелерінде жүйелі мониторинг жүргізілмеген.

Бақылау және есептілік - мемлекеттік заңды тұлғалардың қызмет тиімділігін бағалау кешіктіріліп, кейбір объектілер мен анықталған бұзушылықтар есепте көрсетілмеген; семинарлар және жоспарлы тексерістер өткізілмеген.

Жоспарлау мен регламенттеу - бөлімнің және оның құрылымдық бөлімшелерінің жұмыс жоспарлары, стратегиялық және ұзақ мерзімді жоспарлары жасалмаған; бөлімнің ішкі регламенттері бекітілмеген.

Информациялық ашықтық - мемлекеттік органдарға, ұйымдарға және интернет-ресурстарда ақпаратты орналастыру талаптары сақталмаған, транспаренттілік қағидалары бұзылған.

Сенімгерлік басқару шарттарын рәсімдеу мерзімдерінің жүйелі түрде бұзылуы мемлекеттік мүлікті уақтылы айналымға енгізуге кедергі келтіріп, активтерді тиімді басқару мен бюджет кірістерінің дер кезінде қалыптасуына кері әсер ететіні анықталды.

Мемлекеттік мүлікті жалға алуға қатысты шарттық міндеттемелердің орындалуын бақылауда хабарламаларды уақтылы жолдамау салдарынан бюджетке түсетін түсімдерге қауіп төнген. Жоғарыда көрсетілген заңнама талаптарының бұзылуы - қаржы тәртібінің сақталмауын және жалдау төлемдерін мәжбүрлі түрде өндіріп алу шараларының әлсіздігін көрсетеді.

Жлға берілетін нысанның коэффициент қате қолданылған, соның салдарынан, бюджетке түсуі тиіс салықтық емес түсімдер кешіктіріліп, тек аудит барысында өтеліп отыр.

Қала және аудандарда 2023-2025 жылдары тозығы жеткен мүлікті есептен шығаруда салықтық емес түсімдердің бюджетке түсуіне бақылау жүргізбеген.

Жалпы алғанда, коммуналдық мүлік объектілеріне уақтылы тексеріс жүргізілмеген, мүліктің нақты орналасуы мен сақталу жағдайы бойынша актілер мен есептер жасалмаған, құқық белгілейтін құжаттардың болуы немесе мүлікке тіркелу рәсімдері бойынша бақылау әлсіз, түгендеу жұмыстары мен тексеру актілері - толық көлемде орындалмаған.

Ақтау (2023 жылға жоқ), Жаңаөзен қалалары (2023,2024 жылдарға жоқ) және Қарақия (2023-2025 жылдарға жоқ), Маңғыстау (2023-2025 жылдарға) аудандарында коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін жергілікті бюджетке аудару нормативтері тиісті кезеңдер бойынша белгіленбеген.

Ақтау қаласы және Түпқараған ауданы бойынша коммуналдық меншіктегі 100% мемлекеттік қатысу үлесі бар акционерлік қоғамдар мен ЖШС-тердің дивидендтер (кірістер) мөлшерін айқындау тәртібі белгіленбеген.

Маңғыстау, Түпқараған және Бейнеу аудандарында коммуналдық кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігі жергілікті бюджетке уақытылы аударылмаған.

Қала және аудандық бөлімдер тарапынан жергілікті атқарушы органдарға бос тұрған орынжайларды жалға беру бойынша ұсыныс берілгенмен жалға беру алаңдары пайдаланылмай тұрып қалып, 42 нысан бойынша жалпы ауданы 7 367,0 ш.м алаң 3 жыл уақыт бойы бос немесе пайдаланылмаған, бұл шамамен 233 885,0 мың теңге жіберіп алған пайданы құрап отыр.

Негізгі себептері - мүлікті сенімгерлік басқаруға беру немесе пайдалану шарттарының тиімсіздігі, жауапты лауазымды тұлғалардың қызметтік міндеттерін тиісінше орындамауы, бақылау және мониторинг жүйесінің жеткіліксіздігі.

Қорытынды әсері - бюджеттік шығындар мен әлеуметке арналған тиімділіктің жоғалуы, мемлекеттік мүлікті басқарудың тиімсіздігі және сенімгерлік басқару механизмдерінің жеткіліксіздігі;

Жоғарыдағыларды қорыта келе, облыстың коммуналдық басқару саласына тексеру комиссиясымен «қанағаттанарлық» деңгейде деген баға беріледі.

Бұзушылықтарды жоюға және бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғалардың жауаптылығын қарау туралы нұсқама жолданды.

Отырыста  аталған аудиторлық іс-шара нәтижесі қаралып, аудиторлық қорытынды бекітіліп, қаулы қабылданды.

Дата публикации
08 июня 2026