Меню

Контакты для связи
Телефон приемной:
E-mail:
n.zhakaiuly@mangystau.gov.kz
Аккаунты соц. сетей:
Жақайұлы Нұржан
Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссия мүшесі
Общая информация, образование

Жақайұлы Нұржан 1990 жылы 7 қазанда Маңғыстау ауданы, Шетпе селосында дүниеге келген, ұлты қазақ, білімі жоғары. «Қаржы» мамандығы бойынша 2011 жылы Орталық Азия Университетін , «Құқықтану» мамандығы бойынша 2019 жылы Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетін бітірген.

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік аудиторы сертификаты

ACCA британдық қауымдастықтың IPSASRU "Халықаралық мемлекеттік сектордағы бухгалтерлік есеп стандарттары бойынша" және "Халықаралық аудит" сертификаттарын иеленеген.

ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы А.Ахметовтың – алғыс хатымен марапатталған.

ҚР Қаржы министрлігінің аппарат басшысы А.Бейсенбекұлының – құрмет грамотасымен марапатталған.

ҚР жоғары аудиторлық палатасының төрағасы Ә.Смайловтың алғыс хатымен марапатталған.

Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасының «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталған.

Карьера

Н.Жақайұлы алғашқы еңбек жолын 2012 жылы Ақтау қалалық «Kaspi bank» АҚ-да сату менеджері, 2013-2016 жылдары Сайөтес селосы әкімінің аппаратында инспектор қызметтерін атқарған. 

2016-2019 жылдары Қаржы Министрлігіндегі Ішкі мемлекеттік аудит Комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің мемлекеттік аудит бөлімінің бас маманы-мемлекеттік аудиторы қызметін атқарған.

2019-2021 жылдары Қаржы Министрлігіндегі Ішкі мемлекеттік аудит Комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің №1 сәйкестік аудиті бөлімінің басшысы қызметін  атқарған.

2021-2023 жылдары Маңғыстау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің  сәйкестік аудиті бөлімінің бас маманы болып қызмет атқарған.

2023-2026 жылдары Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясында  сапаны бақылау бөлімінің басшысы қызметін атқарған.

 

 

 

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы