Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (ӘМСҚ) МӘМС және ТМККК шеңберінде қызмет көрсететін медицина ұйымдарының қызметін бақылауды күшейту бойынша бірқатар шара қабылдады. Бұл жұмыс Жоғарғы аудиторлық палатаның тапсырмасы негізінде жүргізілуде.
ӘМСҚ медициналық қызметтердің сапасына жоспардан тыс мониторинг жүргізді. Тексеру барысында МӘМС және ТМККК жүйесіне қатысатын денсаулық сақтау субъектілерінің өндірістік базалары тексеріліп, олардың рұқсат беру құжаттарына, шарт талаптарына, стандарттар мен нормативтерге сәйкестігі бағаланды.
Нәтижесінде 1,4 мың тексерілген медицина ұйымының 238-інде түрлі заң бұзушылықтар анықталды. Олардың ішінде: рұқсат беру құжаттарының болмауы, бір өндірістік базада бірнеше клиниканың орналасуы, медицина қызметкерлерінің жарамды сертификаттарының болмауы және т.б.
Бұдан бөлек, ӘМСҚ осындай тексерулерді жүргізу және деректерді тиісті органдарға беру бойынша бірыңғай алгоритм әзірледі.