Жоғары аудиторлық палатада сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат нормаларын сақтау мәселелері бойынша кездесу өтті. Іс-шара Жоғары аудиторлық палатаның аппарат басшысы Құндызбек Әбдірасыловтың бастамасымен және төрағалығымен өтті.
Кездесуде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілі, Превенция қызметінің аса маңызды істер жөніндегі офицері полковник Жазира Жылқышиева сөз сөйледі. Ол ведомство қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлықтың профилактикасы және оның алдын алудың негізгі шаралары, осындай құқық бұзушылықтар үшін көзделетін жауаптылық және осы бағыттағы заңнамалық жаңалықтар туралы баяндады.
Жоғары аудиторлық палатада сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл жөніндегі жұмыс заңнамаға қатаң сәйкестікте жүзеге асырылады. Палата мен оның ведомстволық бағынысты ұйымының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жыл сайын ішкі талдау жүргізіледі.
Биыл кезекті ішкі талдау аяқталды. Оның қорытындысы бойынша барлық енгізілген ұсынымдарды орындау жөніндегі
іс-шаралар жоспары бекітілді.
Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында барынша белсенді жұмысты қамтамасыз ету үшін Жоғары аудиторлық палата Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және Қаржылық мониторинг агенттіктерімен, сондай-ақ Ішкі істер министрлігімен меморандумдар жасасты.
Аталған бағыттағы жұмыс Жоғары аудиторлық палата басшылығының бақылауында.