Қазақстанның Жоғары аудиторлық палатасы ТМД елдері үшін мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының ХХIV отырысын ұйымдастырып, оны бейнеконференцбайланыс режимінде өткізді.
Іс-шараға Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан жоғары аудит органдарының (ЖАО) мамандары қатысты.
Кейбір ТМД мемлекеттерінің елдік жобалары қарауға ұсынылды:
– ТМД елдерінде орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік шараларды іске асыру аудитінің негізгі қағидаттары (әзірлеуші – Ресей ЖАО);
– ТМД мемлекеттерінің ЖАО қызметін стратегиялық басқаруды ұйымдастыру бойынша практикалық ұсынымдар (әзірлеуші – Әзербайжан ЖАО);
– ТМД елдері жоғары аудит органдарының шоғырландырылған ақпарат аудиті бойынша әдістемелік ұсынымдар (әзірлеуші – Беларусь ЖАО).
Қатысушылар ҚР Жоғары аудиторлық палатасы қалыптастырған Жұмыс тобының 2025 жылға арналған жоспарының жобасын да талқылады. Бұл жоспарда екі үлкен отырыс және басқа да іс-шаралар көзделген. Енгізілген түзетулер ескеріле отырып жоспар мақұлданды.
Барлық қаралған жобалар бойынша әзірлеушілерге ескертулер мен ұсыныстар жіберілді. Пысықталғаннан кейін бұл құжаттар ТМД елдерінің ЖАО жұмыс тобының талқылауына қайта ұсынылуға тиіс.