2024 жылғы 13 желтоқсанда Жоғары аудиторлық палатаның ұсынысы және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Дархан Амангелдіұлы Шығыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы болып тағайындалды. Шешім облыстық мәслихаттың сессиясында бекітілді.
Дархан Амангелдіұлының кандидатурасын Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы Әлихан Смайыловтың тапсырмасымен Жоғары аудиторлық палатаның мүшесі Расул Рахимов таныстырды.