Жоғары аудиторлық палатаның ұсынысы және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Жамбыл облыстық мәслихатының шешімімен Нұржан Шалғынбайұлы Тұрлыбеков өңірлік Тексеру комиссиясының төрағасы лауазымына тағайындалды. ҚР Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы Әлихан Смайыловтың тапсырмасы бойынша кандидатураны Жоғары аудиторлық палата мүшесі Нұрлан Нұржанов таныстырды.
Нұржан Тұрлыбеков бұған дейін Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарған.