Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларына мемлекет пен азаматтардың мүдделерін қорғауға бағытталған маңызды өзгерістер енгізілді. Бұл жұмыс Жоғары аудиторлық палатаның тапсырмасы бойынша жүргізілді.
Жекешелендіру саласындағы мемлекеттік саясаттың тиімділігіне аудит жүргізу шеңберінде объектілерді кейіннен сатып алу арқылы сенімгерлік басқаруға беру кезінде осы мәмілелердің шарттары мен мерзімдері түбегейлі ерекшеленетіні анықталды.
Мәселен, Жамбыл облысында денсаулық сақтау объектілерін беру кезінде бірқатар шарттар көзделген. Мысалы, қызмет бейінін 10 жыл бойы сақтау, жаңа медициналық жабдықтар сатып алу, жұмыс орындарын сақтау, күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ жаңа емдеу корпустарын салу.
Ал Павлодар облысында денсаулық сақтау объектілері сенімгерлік басқаруға қызмет бейінін небәрі 1 жыл сақтау шартымен берілген әрі басқа қосымша шарттар көзделмеген. Бұл ретте Денсаулық сақтау басқармасының қызмет бейінін тұрақты сақтау туралы ұсынысы ескерілмеген.
Осыған байланысты Жоғары аудиторлық палата Ұлттық экономика министрлігіне мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық мүддесін қорғау үшін реттейтін Қағидаларға осындай келісімдер бойынша міндетті шарттарды белгілеу бөлігінде өзгеріс енгізуді тапсырды.
Нәтижесінде 15 қазанда ҚР Премьер-Министрінің
орынбасары – Ұлттық экономика министрінің тиісті бұйрығы тіркелді.
Енді мемлекеттік мүлікті (акциялар, АҚ-ға немесе ЖШС-ға қатысу үлестері) беру кезінде сенімгерлік басқарушы:
Бұл ретте қосымша міндеттемелерді тендерлік комиссия не құрылтайшы объектіні беру әдісіне байланысты оның ерекшелігін ескере отырып айқындайды.