Азия жоғары аудит органдары ұйымының (АЗОСАИ) Басқарма кеңесі оның атқарушы органы болып табылады. Басқарма кеңесіне дауыс беру Нью-Делиде (Үндістан) 16-шы Ассамблеяның соңғы күні өтті.
Сайланғаннан кейін ҚР Жоғары аудиторлық палатасының делегациясы Басқарма кеңесінің 61-ші отырысына қатысып, онда АЗОСАИ-дың 14-шы Зерттеу жобасын жүргізу және Мемлекеттік қаржыны болжау және бағалау жөніндегі жұмыс тобын құру бойынша ұсыныстар талқыланды.
16-шы Ассамблея аясында қазақстандық делегация АЗОСАИ-дың 9-шы Симпозиумына қатысты, онда қазіргі заманғы мемлекеттік басқарудағы цифрлық қоғамдық инфрақұрылымның рөлі және технологиялардың гендерлік теңдікке әсері сияқты мәселелер талқыланды.
🇰🇿 Ассамблеяның екінші күні Жоғары аудиторлық палата мүшесі Расул Рахимов бастаған делегация Әзербайжан, Бутан, Иран, Қырғызстан, Малайзия, Палестина, Таиланд және Өзбекстанның жоғары аудит органдарының өкілдерімен екіжақты кездесулер мен келіссөздер өткізді.
ҚР Жоғары аудиторлық палата өкілдері электрондық аудит саласына, ақпараттық технологиялар мен жасанды интеллектіні аудиторлық қызметке енгізуге ерекше қызығушылық танытты.
Ассамблеяның қорытындысы бойынша Нью-Дели декларациясы қабылданды.