48 адам көпдеңгейлі конкурстық іріктеуден өтіп, түрлі санаттағы мемлекеттік аудитор сертификаттарын алды. Шешім сертификаттау жөніндегі Ұлттық комиссия отырыстарының қорытындысы бойынша қабылданды.
Мәселен, 4 үміткерге жоғары санатты мемлекеттік аудитор біліктілігі, 44 үміткерге мемлекеттік аудитор біліктілігі берілді. Сонымен қатар 20 үміткерге қажетті біліктілікті беруден бас тартылды.
Жалпы сертификаттау екі кезеңнен тұрады.
Мемлекеттік аудитор сертификатына жоғары білімі бар, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары жүйесінде жұмыс тәжірибесі жеткілікті азаматтар үміткер бола алады.