Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайыловтың Жеңіс күнімен құттықтауы

Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайыловтың Жеңіс күнімен құттықтауы

Құрметті отандастар!

Сіздерді Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл – қан майданда қаһармандық танытып, кейінгі ұрпаққа бейбіт өмір сыйлаған
ата-бабаларымыздың батырлығын еске салатын қастерлі мереке. Олардың жанқиярлық ерлігі өскелең ұрпақ үшін әрқашан батылдық пен қайсарлықтың шынайы үлгісі болып қала бермек. Еліміздің ертеңі үшін күрескен батырларымыздың есімдері жадымызда мәңгі сақталады.

Тәуелсіздігіміз баянды, аспанымыз әрдайым ашық, еліміз тыныш болсын!

Мереке құтты болсын!