Қазақстан Республикасының жеке және занды тұлғаларының, азаматтарының назарына

Қазақстан Республикасының  жеке және занды тұлғаларының,  азаматтарының назарына

Еліміздің Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қабылдаған Қазақстан Республикасының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекция ауруларын алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту шеңберінде (2020 жылғы 6 маусымдағы № 39 қаулы) а.ж. шілде-қыркүйек айларында Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі – Есеп комитеті) басшылығының азаматтарды жеке қабылдауын ұйымдастыруы мүмкін болмай отыр.

Осыған байланысты, Есеп комитетіне жүгінгісі келетін жеке және заңды тұлғалар өздерінің өтініштерін:

- «е-gov» электрондық үкімет порталы арқылы (Есеп комитеті Төрайымының блогы);

- Есеп комитетінің ресми электрондық мекенжайына esep01@esep.gov.kz

«Қазпошта» АҚ қызметі арқылы жібере алады.

Қажет болған жағдайда Есеп комитеті басшылығының жеке қабылдауына жоғарыда көрсетілген байланыс арналарының бірі арқылы жазылуға және Zoom, Skype, Whatsapp-мессенджері және т.б.қосымшалар арқылы алдын ала келісуді есепке ала отырып, оны өткізуді ұйымдастыруға болады.

 

Барлық өтініш заңнамада белгіленген мерзімдерде қаралатын болады.

 

 

Есеп комитетінің аппараты

8-7172-70-70-37, 8-7172-70-70-62,

8-701-771-24-72