
Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының (ЖАП) қызметі мәселелері бойынша кеңейтілген аппараттық кеңес өтті.
ЖAП төрағасы Наталья Годунова мүшелердің, аппарат басшысының, ведомствоның құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйым басшыларының есептерін тыңдады.
Кездесу барысында аудит әдіснамасы, стандарттар, процестер мен рәсімдер, сондай-ақ аудит саласындағы халықаралық аудит практикасын қамтитын өзекті мәселелер қаралды.
Сонымен қатар ЖАП аппаратының жұмысын ішкі ұйымдастыру мәселелері, соның ішінде мақсаттар мен міндеттерді бөлу, тапсырмаларды орындау мерзімдерін анықтау, орындалуын бақылау және басқа да аспектілер талқыланды. Бұдан басқа, процестерді жақсарту және жұмыс тиімділігін арттыру бойынша идеялар ұсынылды.
Кеңейтілген отырыстың қорытындысы бойынша ведомство басшысы нақты тапсырмалар беріп, олар отырыс хаттамасына енгізілді.
ЖАП-тың аппараттық кеңестері тұрақты түрде өткізіледі және басшылық пен аппарат қызметкерлері арасындағы тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз етудегі маңызды элемент.
Жоғары аудиторлық палатаның баспасөз қызметі