
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті 2020 жылғы 29 мамырда сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін «Ашық Диалог» порталында «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметін бағалаудың жаңа тәсілдері туралы» тақырыбында интернет-конференция өткізеді.
Интернет-конференцияның мақсаты – Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметіне бағалау жүргізу бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартына (бұдан әрі – Стандарт) тұжырымдамалық түзетулерді талқылауға жұртшылық пен халықтың назарын аудару.
Стандарттың мақсаты – қол жеткізілген нәтижелер деңгейін өлшеу, мемлекеттік аудит органдарының сапасын, нәтижелілігін арттыру. Міндеті – мемлекеттік аудит органдарының қызметіне жүргізілген бағалау нәтижелерін жүзеге асыруға және ресімдеуге қойылатын рәсімдік талаптарға бірыңғай тәсілді белгілеу*.
* Бағалау – облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссияларының ақпараты және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның ақпараты негізінде барлық мемлекеттік аудит органдарына қатысты жарты жылдықтың және жылдың қорытындылары бойынша жүзеге асырылады.
Есеп комитетінің баспасөз қызметі