Жоғары аудиторлық палатада Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті

Жоғары аудиторлық палатада Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Жоғары аудиторлық палатада (ЖАП) салтанатты жиын өтті.

Жиын Мемлекеттік Гимннің орындалуымен басталды. Жоғары аудиторлық палатаның мүшесі Расул Рахимов ұжым алдында құттықтау сөз сөйледі.

"Ұлтаралық келісім, тілдік толеранттылық, діни төзімділік әрқайсымызға байланысты.Біз бәріміз дінімізге, тілімізге, шыққан тегімізге қарамастан Қазақстан Республикасының тең құқылы азаматтарымыз"- деді ол.

Іс-шара барысында Расул Рахимов ЖАП Экономиканың нақты секторына аудит жүргізу департаментінің бас консультанты – мемлекеттік аудитор Марат Оразбаевқа ведомстволық награда – «Қаржы сақшысы» медалін табыс етті. «Ұлттық мереке – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында берілген мүмкіндік пен сенім білдіргендеріңіз үшін шын жүректен ризашылығымды білдіремін. Барлық жетістіктер мен марапаттар – біздің ұйымшыл ұжым еңбегінің жемісі. Жоғары аудиторлық палатада еңбек ете отырып, Отанымыздың игілігі үшін қызмет ету мен үшін үлкен мәртебе», – деді Марат Оразбаев.

Іс-шарада Қазақстан халқына арналған өлеңдер мен әндер орындалды.

Жоғары аудиторлық палатаның баспасөз қызметі