Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатаcының аппарат басшысы тағайындалды

Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатаcының аппарат басшысы тағайындалды

Мейрамбек Маратұлы Ахметов Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының аппарат басшысы лауазымына тағайындалды.

Мейрамбек Ахметов 1983 жылы Целиноград облысында дүниеге келген.

2005 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетін «заң бакалавры» мамандығы бойынша, 2016 жылы Қазтұтынуодағының Қарағанды ​​экономикалық университетін «экономика және бизнес бакалавры» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2005 жылы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «ВТТИСА орталығы» РМК бас маманы болып бастады.

2005 – 2009 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі Құқықтық қамтамасыз ету департаментінің жетекші маманы, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Заң қызметі департаментінің бас маманы және бас сарапшысы болып жұмыс істеді.

2009 жылғы ақпаннан 2013 жылғы қыркүйекке дейін Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінде бас сарапшы, сектор меңгерушісі, Заң департаменті басшысының орынбасары лауазымдарында қызмет атқарды.

2013 жылғы қыркүйектен 2016 жылғы қыркүйекке дейін Астана қаласы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі («А» корпусы).

2016 жылғы қыркүйектен бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы Заң департаментінің басшысы қызметін атқарды.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен, Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен, Жоғары аудиторлық палатаның ведомстволық наградаларымен марапатталған.

Мемлекеттік аудитор, жоғары санатты мемлекеттік аудитор сертификаттары, CIPFA халықаралық сертификаты бар.

Жоғары аудиторлық палатаның баспасөз қызметі