Қарағанды облысының жерлерін аймақтарға бөлу схемалары бекітілді

Қарағанды облысының жерлерін аймақтарға бөлу схемалары бекітілді

2021 жылғы маусымда Жер ресурстарының ұтымды басқарылуын, пайдаланылуын және қорғалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ геодезия және картография саласындағы жер ресурстарының басқарылу тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізілді.

Аудит барысында Қарағанды облысының жекелеген аудандары мен қалаларында жер салығының базалық мөлшерлемесін түзету үшін әртүрлі кезеңдерде бекітілген түзету коэффициенттері қолданылатыны анықталды. Қарағанды облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» КеАҚ Ақтоғай, Бұқар жырау, Жаңаарқа, Нұра, Ұлытау, Шет аудандарындағы, сондай-ақ Теміртау қаласындағы жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құны жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемелеріне бекітілген түзету коэффициенттері болмаған кезде айқындалған. Осыған байланысты Қарағанды облысының әкіміне облыстық маңызы бар қалалардың, аудандардың жерлерін аймақтарға бөлу жобаларын (схемаларын) бекітуге ұсынуды ұйымдастыру жөнінде өкілді органға шаралар қабылдау тапсырылды.

Қарағанды облысының өкілді органдары Балқаш қаласының, Абай және Осакаров аудандарының, Теміртау қаласының Ақтау кентінің жерлерін аймақтарға бөлу жобаларын (схемаларын) бекітті.

Жоғары аудиторлық палатаның баспасөз қызметі