Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Ағымдағы жылдың 24 шілдесінен бастап заңды күшіне енген сот актілері бар аудит материалдарын қоспағанда, жергілікті бюджет қаражатына аудит жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары аудитінің қорытындыларын қайта қарау бөлігінде Жоғары аудиторлық палатаның құқықтары заң жүзінде күшіне енді.

«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңның жоғарыда көрсетілген нормаларына сәйкес келтіру мақсатында республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2020 жылғы 30 шілдедегі №6-НҚ нормативтік қаулысымен бекітілген сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді:

- мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін қалыптастыру кезінде негіздемелерді кеңейту;
- Жоғары аудиторлық палатаның шешімі бойынша мемлекеттік аудит қорытындыларын қайта қарау үшін негіздерді айқындау.

Бұл жобамен 2023 жылғы 27 қазандағы www.egov.kz ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында танысуға болады (http://legalacts.egov.kz).