Жоғары аудиторлық палатада Республика күніне арналған салтанатты жиын өтті

Жоғары аудиторлық палатада Республика күніне арналған салтанатты жиын өтті

Республика күні қарсаңында Жоғары аудиторлық палатада  (ЖАП) ұлттық мерекеге арналған салтанатты жиын өтті.

Жоғары аудиторлық палатаның Төрағасы Наталья Годунова 1990 жылы   25 қазанда қабылданған Ел егемендігі туралы декларацияны қабылдаудың тарихи маңызына тоқталып, шараға қатысушыларды айтулы күнмен құттықтады.

Іс-шара аясында мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданған жас мемлекеттік қызметшілердің ант қабылдау рәсімі өтті, сондай-ақ ЖАП-тың, тексеру комиссиялары мен «Зерттеулер, талдау және тиімділікті бағалау орталығы» ЖШС қызметкерлеріне мемлекеттік және ведомстволық наградалар табыс етілді.

«Құрмет» орденімен ЖАП мүшесі Расул Рахимов марапатталды.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы Қанат Есмағамбетов, Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Ләйлім Қашымова, Экономиканың нақты секторына аудит жүргізу департаменті Инвестициялар секторының бас консультанты – мемлекеттік аудитор Асхат Байзақов, сондай-ақ ЖАП аппаратының бұрынғы басшысы Константин Плотников марапатталды.

«Қаржы сақшысы» медалімен:

Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі Нұрлан Амангелдіұлы Нұржанов;

Экономиканың нақты секторына аудит жүргізу департаментінің директоры-мемлекеттік аудитор Ақылбай Алтыбайұлы Ыбыраев;

Мемлекеттік басқаруға аудит жүргізу департаментінің директоры-мемлекеттік аудитор Айнагүл Амангелдіқызы Құрманова;

Мемлекеттік басқаруға аудит жүргізу департаментінің бас консультант-мемлекеттік аудиторы Дастан Батырханұлы Тілебалдин;

«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласының үздігі» төсбелгісімен:

Жоғары аудиторлық палатаның мүшесі Рүстем Еслямбекұлы Нұрпейісов;

Жоғары аудиторлық палатаның мүшесі Ардақ Мырзабайұлы Теңгебаев;

Әдіснама және сапа бақылауы департаментінің бас консультанты Мәдина Темірқызы Антаева;

Әлеуметтік салаға және құқықтық тәртіпке аудит жүргізу департаментінің бас консультант-мемлекеттік аудиторы Талғат Үсенұлы Қамбаров;

Мемлекеттік басқаруға аудит жүргізу департаментінің бас консультан-мемлекеттік аудитор Мәдина Саматқызы Мергенбаева;

«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласының құрметті қызметкері» төсбелгісімен:

Персоналды басқару секторының бас консультанты Гүлмира Маманқызы Оспанова;

Жоғары аудиторлық палатаның құрмет грамотасымен:

Жоғары аудиторлық палата Төрағасының кеңесшісі Дәулет Жанартұлы Қарымсақов;

«Зерттеулер, талдау және тиімділікті бағалау орталығы»  ЖШС директорының орынбасары Мақпал Ғазизқызы Қалығұлова;

Жоспарлау және даму департаментінің сектор меңгерушісі Талғат Сыйғабатұлы Қасенов;

Талдау және есептілік департаментінің сектор меңгерушісі Нұргүл Қауқайқызы Қазден;

Экономиканың нақты секторына аудит жүргізу департаментінің бас консультант-мемлекеттік аудиторы Айгүл Уәлиқызы Әбдірахманова;

Әлеуметтік салаға және құқықтық тәртіпке аудит жүргізу департаментінің бас консультант-мемлекеттік аудиторы Нұргүл Зейнелқызы Бижанова;

Экономиканың нақты секторына аудит жүргізу департаментінің бас консультант-мемлекеттік аудиторы Жақсылық Қалелұлы;

Заң департаментінің бас консультанты Қанат Әшірбекұлы Назаров;

Талдау және есептілік департаментінің бас консультанты Ботагөз Мұташқызы Накишева;

Сертификаттау және ұйымдастыру жұмысы департаментінің сарапшысы Диляра Болатқызы Белгібаева;

Халықаралық ынтымақтастық департаментінің сарапшысы Тұрар Тұрсынханұлы Мақұлбай; 

Жоғары аудиторлық палата Төрағасының алғыс хатымен:

«Зерттеулер, талдау және тиімділікті бағалау орталығы» ЖШС Зерттеу жобалары секторының меңгерушісі Назира Ерішқызы Тұрсынбаева;

 «Зерттеулер, талдау және тиімділікті бағалау орталығы» ЖШС-ның бас бухгалтері Эльмира Мұратқызы Сәкенова марапатталды.

Жоғары аудиторлық палатаның баспасөз қызметі