Баспасөз релизі

Баспасөз релизі

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын орындау шеңберінде Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті тексеру комиссияларымен бірлесіп, бюджеттің барлық деңгейлерінде дағдарысқа қарсы шараларды іске асыруға бағытталған қаражаттың жұмсалуына мониторинг пен бақылауды қамтамасыз етеді.

 

Әлеуметтік-экономикалық жағдайдың тұрақтылығын ұстап тұруға, соның ішінде коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстар шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі 5,9 трлн. теңге бөлетін болады, оның 3,5 трлн. теңгесі 2020-2022 жылдарға арналған нақтыланған республикалық бюджетте көзделген. Қалған қаражатты бюджеттен тыс көздерден іздестіру жоспарланып отыр.

2020 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджетке сәйкес (ҚР Президентінің 2020 жылғы 8 сәуірдегі № 299 Жарлығы) 3,5 трлн теңгеден:

  • 1,2 трлн. теңге тікелей елде экономикалық тұрақтылық пен төтенше жағдай режимін қамтамасыз етуге көзделген;
  • 609 млрд. теңге жалғасатын іс-шараларға қосымша қаражат ретінде және бағамдық айырманы қамтамасыз етуге;
  • 1,7 трлн. теңге - елдегі макроэкономикалық жағдайдың өзгеруіне байланысты кіріс бөлігінің шығындарын өтеуге бөлінеді.

Дағдарысқа қарсы қаражат «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың, нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек», Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламалары, «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасы шеңберіндегі шараларды іске асыруға басымырақ бағытталады.

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің жанынан «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» бағдарламасы шеңберінде бөлінетін қаражатты пайдаланудың тиімділігіне мониторинг жүргізу мақсатында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары М. Мырзалиннің төрағалығымен «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» бағдарламасы шеңберінде бөлінетін қаражатты пайдаланудың тиімділігіне мониторинг жүргізу жөніндегі жұмыс тобы құрылды, оның құрамына Жұмыс тобы жетекшісінің орынбасары ретінде Есеп комитетінің Төрайымы Н. Годунова енгізілді. Бағдарлама бойынша қаржыландырудың жалпы көлемі – 1 трлн теңге. Жұмыс тобы бөлінетін қаражатты пайдаланудың тиімділігін мониторингілеу нәтижелері туралы ақпаратты тоқсан сайынғы негізде Мемлекет басшысына беретін болады.

Дағдарысқа қарсы қаражат шеңберінде коронаравирусқа қарсы күреске және эпидемияға қарсы іс-шараларға арналған шығыстар да көзделген. Барлығы шамамен 150 млрд. теңге бөлінді, соның ішінде:

  • карантиндік іс-шараларға тартылған денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерін ынталандыруға 40,6 млрд. теңге;
  • 19,5 млрд. теңге – медициналық ұйымдарға медициналық қызметтер үшін, КВИ бар адамдарды, COVID-19 болуына күдікті адамдарды емдеу үшін, сондай-ақ коронавируспен байланысқа күдікті адамдарды оқшаулау мақсатында ақы төлеуге;
  • 14,8 млрд. теңге – Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында карантиндік үлгідегі үш модульдік кешен салуға. Жалпы күрделілігі 680 орын;
  • 30,8 млрд. теңге – төтенше жағдай кезеңінде халықтың жекелеген санаттарына азық-түлік-тұрмыстық жиынтық ұсынуға;
  • 8,1 млрд. теңге – медицина қызметкерлеріне, ішкі істер органдарының қызметкерлеріне, Ұлттық ұланның әскери қызметшілеріне бір лауазымдық айлықақы мөлшерінде сыйлықақы төлеуге;
  • 4 млрд. теңге – қашықтан жұмыс істеу режиміне байланысты онлайн қызметтердің ұлғаюынан желілерге түсетін жүктеменің артуына, желіні пайдаланушылар санының ұлғаюына байланысты байланыс қызметтерімен және ведомствоаралық ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге;
  • 1,3 млрд. теңге – азық-түлік әлеуметтік мүлік сатып алуға, сондай-ақ шатырлы қалашықты жабдықтау және блокпостарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін;
  • 225 млн. теңге – тепловизор сатып алуға;
  • 200 млн. теңге – КВИ-мен күрес шеңберінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге;
  • және басқа да шығыстар.

Республикалық бюджеттен дағдарысқа қарсы қаражаттың елеулі бөлігін – 90%-ін өңірлер, қалғанын (10%) – орталық мемлекеттік органдар және квазимемлекеттік сектор субъектілері жүзеге асырады.

Бұл қаражаттың барлығы Есеп комитетінің жіті бақылауында. ТЖ және шектеу карантиндік шаралары қолданылған кезеңде дағдарысқа қарсы шараларды іске асыруға бағытталған қаражаттың жұмсалуына жедел мониторинг пен камералдық бақылауды жүзеге асыру үшін Қаржы министрлігінің әлеуеті пайдаланылады. Ағымдағы бақылауды Қазынашылық комитеті және жергілікті жерлердегі қаржы басқармалары жүргізеді. Карантиндік кезең аяқталғаннан кейін Есеп комитеті тексеру комиссияларымен бірлесіп, бюджеттің барлық деңгейлерінде дағдарысқа қарсы шараларды іске асыруға бөлінген қаражаттың пайдаланылуын жергілікті жерлерге барып тікелей тексеруге кіріседі. Тиісті ұйымдастыру шаралары қазірдің өзінде қабылданған.

17 өңірде аудиттер жүргізу жоспарланған. «Бәйтерек «ҰБХ» АҚ-ның ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етуге арналған шығыстарын бағалау қосымша жүргізілетін болады. АӨК-ні қолдауға арналған қаражатты пайдаланудың тиімділігі, сондай-ақ шағын және орта бизнес субъектілеріне салықтық ауыртпалықтың төмендетілуіне байланысты жергілікті бюджеттердің шығындарын өтеуге көзделген шығыстар назардан тыс қалмайды. Аудитке сарапшылар қауымдастығы мен үкіметтік емес ұйымдардың әлеуеті тартылатын болады.

 

 

Есеп комитетінің баспасөз қызметі