Есеп комитетінің төрайымы Н. Годунованың мерекелік құттықтауы

Есеп комитетінің төрайымы Н. Годунованың мерекелік құттықтауы

Құрметті әріптестер!

Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен және Ұлы Жеңістің 75 жылдығы мерекесімен құттықтаймын!
Мамыр айында қос мерекенің қатар келуінің өзіндік терең мәні бар және бұл Ұлы Отан соғысындағы жеңімпаздардың әскери дәстүрлері мен Отан қорғаушылардың қазіргі буынының сабақтастығын білдіреді.
Қымбатты ардагерлеріміз бен тыл еңбеккерлерінің баға жетпес ерлігі барлық өскелең ұрпақ үшін қаһармандық пен қайсарлық, төзімділік пен жанқиярлық, батылдық және өмірлік күш-қуат үлгісі болып қала береді.
Сіздерге зор денсаулық, бақыт, табыс және отбасыларыңызға амандық тілеймін.
Аспанымыз бейбіт болып, еліміз өркендей берсін.


Құрметпен, Есеп комитетінің Төрайымы Н. Годунова