
2023 жылғы 24 шілдеде «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңға жергілікті бюджеттердің қаражатына аудит жүргізу құқығын, сондай-ақ барлық мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының аудит қорытындыларын қайта қарау құқығын беру арқылы Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының өкілеттіктерін кеңейту бөлігінде түзетулер қолданысқа енгізілді.
Өкілеттіктерді кеңейту Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетін Жоғары аудиторлық палатаға трансформациялау жөніндегі маңызды қадам болып табылады және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтып, еліміздің барлық мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған.
Жоғары аудиторлық палатаның баспасөз қызметі