Жоғары аудиторлық палатаға тексеру комиссияларын қоса алғанда, барлық мемлекеттік аудит органдарының аудит қорытындыларын қайта қарау құқығы берілді

Жоғары аудиторлық палатаға тексеру комиссияларын қоса алғанда, барлық мемлекеттік аудит органдарының аудит қорытындыларын қайта қарау құқығы берілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыстық тексеру комиссияларындағы мемлекеттік аудиторлардың білім беру саласындағы ірі жымқыру фактілерін жасырғанын анықтады.

Мәселен, Алматы, Түркістан және Жетісу облыстарының білім беру ұйымдарында аудиторлық есептердің оң қорытындысын жасағаны үшін пара алған мемлекеттік аудиторлар қылмыстық жауаптылыққа тартылды.

Осы уақытқа дейін мемлекеттік аудит органдарының жүргізген  аудиттерінің қорытындылары (ІМАК, тексеру комиссиялары, ІАҚ) қайта тексеруге жатпайтын.

Мемлекет басшысы ағымдағы жылдың 12 шілдесінде «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңға енгізілетін түзетулерге қол қойды, аталған түзетулерге сәйкес Жоғары аудиторлық палатаға тексеру комиссияларын қоса алғанда, барлық мемлекеттік аудит органдарының аудит қорытындыларын қайта қарау құқығы берілді.

Бұл норма сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтып, тексеру комиссиялары қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған.

 

Жоғары аудиторлық палатаның баспасөз қызметі