«Геодезия, картография және кеңістік деректері туралы» Заң қабылданды

«Геодезия, картография және кеңістік деректері туралы» Заң қабылданды

2021 жылғы маусымда жер ресурстарын ұтымды басқаруды, пайдалануды және қорғауды қамтамасыз ету, сондай-ақ геодезия және картография саласында жерге орналастыру тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізілді.

Тексеру барысында жер қатынастары саласындағы бақылауды жүзеге асыру бойынша заңнамада қайшылықтың болуы анықталды. «Геодезия және картография туралы» Заңда жергілікті эталондық координаттар жүйесінің ұғымдары анықталмаған және мәселелері реттелмеген. 2014 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді шектеу шеңберінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті өзін-өзі басқару органдары қабылдаған шешімдердің заңдылығын бақылау функциялары жер заңнамасы және мемлекеттік жер кадастрын жүргізудің дұрыстығын бақылау саласында Жер ресурстарын басқару комитетінің құзыретіне берілді. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметіне «Геодезия және картография туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныс берілді.

Осылайша, 2022 жылғы 21 желтоқсанда «Геодезия, картография және кеңістіктік деректер туралы» Заң қабылданды, оған сәйкес:

- геодезия және картография саласындағы уәкілетті органға мемлекеттік картографиялық бақылауды жүзеге асыру құқығы берілген (Заңның 28-бабы);

- геодезиялық пункттерді есепке алуды мемлекеттік кәсіпорын жүзеге асырады (Заңның 20-бабы);

- координаттардың анықтамалық жүйесі – деректердің көмегімен Жермен байланысқан геодезиялық координаттар жүйесі (Заңның 2-бабының 34) тармақшасы);

- жергілікті координаттардың эталон жүйелерін белгілеуді уәкілетті орган жүзеге асырады (Заңның 13-бабының 10) тармақшасы).

Жоғары аудиторлық палатаның баспасөз қызметі