
2021 жылғы маусымда жер ресурстарын ұтымды басқаруды, пайдалану мен қорғауды қамтамасыз ету, сондай-ақ геодезия мен картография саласында жер ресурстарын басқару тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізілді.
Аудит барысында жерді түгендеуді жүргізу және жерді аймақтарға бөлуді ұйымдастыру тетігінің жоқтығы анықталды. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметіне анықталған кемшіліктерді жою жөнінде ұсыным берілді.
Жоғары аудиторлық палатаның ұсынымдарын орындау үшін Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті 2022 жылғы 24 қарашада мынадай:
- «Жерді түгендеу жөніндегі әдістемені бекіту туралы» №164 н/қ;
- «Жерді аймақтарға бөлу жөніндегі әдістемені бекіту туралы» №163 н/қ бұйрықтарын қабылдады.
Жоғары аудиторлық палатаның баспасөз қызметі