Жоғары аудиторлық палатада волейбол және футболдан жарыстар өтті

Жоғары аудиторлық палатада волейбол және футболдан жарыстар өтті

Жоғары аудиторлық палата (ЖАП) ұжым арасында салауатты өмір салтын, дене шынықтыру және спортты насихаттау мақсатында Астана қаласының «Алау» спорт кешенінде спорттың екі түрінен: волейбол мен футболдан жарыстар өткізді.

ЖАП мүшелері Ардақ Теңгебаев, Нұрлан Нұржанов және ЖАП-тың аппарат басшысы Константин Плотников қатысушыларды құттықтап, сәттілік тіледі.

Сөз сөйлегендер, ойын барысында командалық рухтың маңыздылығын, ойыншылар жұдырықтай жұмылып, барлық сәттерді ескеріп, дұрыс ұжымдық шешімді тез қабылдау керектігін атап өтті. Корпоративтік рухтың мәні де осы.

Жарысқа «Легион», «Достық», «Бірлік» және «Жеңіс» атты төрт командаға бөлінген «Зерттеулер, талдау және тиімділікті бағалау орталығы» ЖШС, ЖАП-тың басшылығы мен барлық құрылымдық бөлімшелері қатысты.

Әрбір кездесуде ойыншылардың жеңіске деген ерік-жігері сезіліп, сайыстар ымырасыз тартыспен өтті.

Жарыс қорытындысы бойынша екі спорт түрінен «Жеңіс» командасы бірінші орынға; 2-орынға – «Бірлік»; 3-орынға – «Достық» ие болды.  «Легион» командасы «Жарық жұлдыздар» дипломын еншіледі.

Волейбол мен футболда жоғары шеберлік көрсеткен сайыскерлер жеке номинациялар бойынша марапатталды.

Сонымен, жеке көрсеткіштер бойынша Е.Қалиақпаров «Үздік ойыншы»; Н. Нұржанов «Үздік шабуылшы»; М. Үмбет «Үздік қақпашы»; А. Сүлейменов «Үздік қорғаушы» атанды.

Ең белсенді жанкүйерлер де мақтау қағаздарымен марапатталды.

Жоғары аудиторлық палатаның баспасөз қызметі