
2022 жылы Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы Ақмола облысында бюджет қаражаты мен мемлекет активтерінің пайдаланылу тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізді.
Мемлекеттік аудит барысында бухгалтерлік есепке алуда жобалау-сметалық құжаттама (ЖСҚ) құнының, сондай-ақ жүргізілген сараптамалардың нәтижелерінің болмауы бөлігінде бұзушылықтар анықталды. Республикалық бюджеттен қаражат өнім берушінің эскроу-шотына аударылды, бұл – ҚР Бюджет кодексін және Бюджетті атқару және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларын бұзу. Бұдан басқа, төлем шоттарын ұсынудың заңдылығы мен негізділігі қамтамасыз етілмеген, Шартқа сәйкес орындалған жұмыстар расталмаған. Жабдық ЖСҚ-ға сәйкес қабылданбай, жобалар бойынша орындалмаған жұмыс көлемі үшін төлем жүргізілді, төлем шоттарын берудің заңдылығы мен негізділігі қамтамасыз етілмеген, сондай-ақ 13 аяқталған электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау және сумен жабдықтау объектілерін пайдаланушы ұйымдарға беру жүргізілмеген.
Аудит қорытындысы бойынша Ақмола облысының әкімдігіне жоғарыда көрсетілген бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды.
Қазіргі уақытта Әкімдік аванстық төлемдерді ұстап қалуды ескере отырып, орындалған жұмыстарды актілермен қалпына келтіру жолымен 58 815,3 мың теңге мөлшеріндегі соманы қалпына келтірді, сондай-ақ пайдаланушы ұйымдарға 9 газбен жабдықтау және сумен жабдықтау объектілерін берді.
Жоғары аудиторлық палатаның баспасөз қызметі