Мемлекеттік аудитор біліктілігін беруге үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті

Мемлекеттік аудитор біліктілігін беруге үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті

Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасында (ЖАП) Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссияның кезекті отырысы өтті.  

Отырысқа Жоғары аудиторлық палатаның, Тексеру комиссиялары, Ішкі мемлекеттік аудит комитеті, орталық және жергілікті атқарушы мемлекеттік органдар, сондай-ақ өзге ұйымдар жұмыскерлерінің ішінен 29 кандидат қатысты.

Отырыс қорытындысы бойынша 11 кандидатқа жоғары санатты мемлекеттік аудитор біліктілігі, 8 кандидатқа мемлекеттік аудитор біліктілігі берілді. 6 кандидатқа жоғары санатты мемлекеттік аудитор біліктілігін беруден және 4 кандидатқа мемлекеттік аудитор біліктілігін беруден бас тартылды.

Жоғары аудиторлық палатаның баспасөз қызметі