Жоғары аудиторлық палата ІІ Еуразиялық экономикалық форумның жұмысына қатысты

Жоғары аудиторлық палата ІІ Еуразиялық экономикалық форумның жұмысына қатысты

Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі Тілеген Каскин 2023 жылғы 24-25 мамырда ІІ Еуразиялық экономикалық форум жұмысына, сондай-ақ Ресей Федерациясының Есеп палатасы ұйымдастырған «Инновациялық даму және ЕАЭО экономикаларының өсуін қамтамасыз ету: мемлекеттік институттар қызметінің тиімділігі» сессиясына қатысты.

Іс-шараға қатысушылар жоғары аудит органдары қызметінің мәселелерін және олардың ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерде инновациялар мен прогрессивті технологияларды енгізу үшін қолайлы жағдайлар қалыптастыруға қосқан үлесін талқылады.

Сессия аясында Тілеген Каскин «ЕАЭО елдерінің экономикалық өсуін қамтамасыз етудегі жоғары мемлекеттік аудит органының рөлі» тақырыбында баяндама жасады. «Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы жасанды интеллекттің — бүгінгі технологиялық негізгі ағымның инновациялық екпінін пайдалана отырып, әлемнің цифрлық басқару және бақылау жүйелері саласына тереңірек еніп жатқанын толық түсінеді және жоғары аудит органдарын цифрлық кеңістіктегі ынтымақтастыққа мүше мемлекеттердің мүмкіндіктерін толық пайдалануға шақырады», — деп атап өтті ол.

 Жоғары аудиторлық палатаның баспасөз қызметі