Жоғары аудиторлық палатаның делегациясы АЗОСАИ жұмыс тобының отырысына қатысуда

Жоғары аудиторлық палатаның делегациясы АЗОСАИ жұмыс тобының отырысына қатысуда

Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі Рустем Нұрпейісов бастаған делегация Орнықты даму мақсаттары бойынша АЗОСАИ жұмыс тобының бірінші жыл сайынғы отырысына қатысты.

Әзірбайжан Республикасының Есеп палатасы ұйымдастырған іс-шара Баку қаласында (Әзірбайжан Республикасы) өтуде. Отырысқа жұмыс тобының төрағасы – Кувейт ЖАО, сондай-ақ Вьетнам, Үндістан, Қытай, Непал, Ресей Федерациясы, Сауд Арабиясы, Таиланд және Түркия ЖАО өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында Қазақстан, Қытай, Ресей Федерациясы, Түркия ЖАО және т.б. баяндама жасады.Бұдан басқа, Жұмыс тобының 2022 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша баяндама қаралып, 2023-2024 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары талқыланып бекітілді.

Жоғары аудиторлық палатаның баспасөз қызметі