Республикалық бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары қаралды

Республикалық бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары қаралды

Жоғары аудиторлық палатаның (ЖАП) отырысында 2022 жылғы республикалық бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігіне (РБ ШҚЕ)  жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары қаралды.

Бірінші РБ ШҚЕ жасалған сәттен басталған кезеңде оның сапасы мен анықтығының едәуір жақсарғаны байқалады. Жоғары аудиторлық палатаның ұсынымдарын ескере отырып, Қаржы министрлігі 5 645,2 млрд теңге сомасына активтерді, 295,2 млрд теңгеге міндеттемелерді тануды және анық көрсетуді қамтамасыз етті.

Оның ішінде 2022 жылғы РБ ШҚЕ-да өткен жылдардағы ЖАП ұсынымдары бойынша 222,4 млрд.теңге сомаға республикалық бюджет активтерінің, 295,2 млрд. теңге міндеттемелердің объективті көрсетілуі қамтамасыз етілді.

Алайда, 2022 жылғы РБ ШҚЕ әлі де республикалық деңгейде мемлекет активтерін, міндеттемелерін, кірістері мен шығыстарын объективті және анық ұсыну мақсатына қол жеткізген жоқ.

Төменде көрсетілген үш элементтің объективті көрсетілмеуі РБ ШҚЕ-да 13 трлн. теңгеден астам сомаға мемлекеттің таза активтерін анық емес ұсынуға әкеп соғады:

  • қаржылық инвестициялар олардың өзекті жай-күйін есепке алмай көрсетіледі, бұл олардың мөлшерін бағалау бойынша 11 034,1 млрд. теңгеге төмендетуге әкеледі;
  • үкіметтік борыш уақыт бойынша ақшаның құнын есепке алмай көрсетіледі, бұл оның мөлшерін 3 660,9 млрд. теңгеге арттыруға әкелді;
  • нарықтық емес жағдайларда квазимемлекеттік сектор субъектілеріне бюджеттік кредиттер беру кезінде РБ ШҚЕ-да шығындарды танудан тұратын осы іс-қимылдардың салдары көрсетілмейді, бұл осы активтердің 1 062,3 млрд. асырылуына алып келеді.

Жоғарыда көрсетілген жүйелік кемшіліктермен қатар 2022 жылы РБ ШҚЕ-да тану өлшемшарттарына сәйкес келмейтін 445,3 млн. теңге сомасындағы активтер сол қалпында көрсетілген. Бұдан басқа, аудитпен республикалық бюджеттің кірістері мен шығыстарының 3 816,7 млрд.теңгеге объективті көрсетпеу анықталды.

Көрсетілген кемшіліктерді назарға ала отырып, сондай-ақ 2022 жылғы РБ ШҚЕ-ның мемлекеттің қаржылық жағдайы және оның республикалық деңгейдегі қызметінің нәтижелері туралы объективті көріністі бермейтінін ескере отырып, Жоғары аудиторлық палата ескертпемен пікір білдірді.

Жоғары аудиторлық палата Қаржы министрлігіне қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге активтер мен міндеттемелердің жекелеген санаттарын неғұрлым анық ұсынуды қамтамасыз етуге, сондай-ақ Қоғамдық секторға арналған халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына (ҚСХҚЕС) толыққанды көшуге бағытталған жүйелі шаралар қабылдауға бағытталған өзгерістер енгізуді ұсынды.

Қаржы министрлігі мен Жоғары аудиторлық палатаның бірлескен жұмысы жалғасатын болады.

Жоғары аудиторлық палатаның баспасөз қызметі