Қазақстан Республикасының Үкіметі Жоғары аудиторлық палатаның ұсынымдарын орындау бойынша шаралар қабылдады

Қазақстан Республикасының Үкіметі Жоғары аудиторлық палатаның ұсынымдарын орындау бойынша шаралар қабылдады

2019 жылғы қарашада Қостанай облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына 2016 жылдың II жартыжылдығы – 2019 жылдың I жартыжылдығы кезеңінде бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігін бағалау мемлекеттік аудиті жүргізілді.

Мемлекеттік аудит барысында субсидиялауға бөлінген қаражатты қайтару үшін мерзімнің жоқтығы анықталды. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Үкіметіне «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларында жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шеңберінде субсидиялауға бөлінген және аталған бағдарламаның өңірлік үйлестірушілері ағымдағы қаржы жылында пайдаланбаған қаражатты қайтару үшін мерзімді айқындау жөнінде шаралар қабылдау ұсынылды.

Қазіргі уақытта «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес Бағдарлама шеңберінде субсидиялауға бөлінген және ағымдағы жылы пайдаланылмаған қаражат кезекті қаржы жылында мақұлданған жобаларды субсидиялауға пайдаланылуы мүмкін.

Жоғары аудиторлық палатаның баспасөз қызметі