
Төраға Наталья Годунова бастаған Жоғары аудиторлық палатаның делегациясы Португалиядағы Шоттар сотына барды.
Сапар аясында Шоттар соты Қазақстанның Жоғары аудиторлық палатасына тең дәрежелі тексеру жүргізуді ұсынды.
Сонымен қатар презентация өтіп, оның барысында Шоттар сотының президенті Хосе Таварес мырза Португалияның жоғары аудит органының тарихы мен жұмыс істеу ерекшеліктерін айтып берді. Өз кезегінде Наталья Годунова Қазақстанда жүргізіліп жатқан мемлекеттік аудит жүйесінің реформасы және Есеп комитетінің мәртебесін өзгерту және оны Жоғары аудиторлық палата етіп қайта құру бойынша Қазақстан Конституциясына қабылданған түзетулер туралы айтып берді. Сондай-ақ делегация Шоттар сотының архивіне барды, онда делегаттар тарихы жеті ғасырға созылған экспонаттармен танысты.
Тараптар Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы мен Португалия Республикасының Шоттар соты арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.
Кездесу соңында Жоғары аудиторлық палатаның басшысы жоғары аудит органдарының өзара іс-қимылының жемісті дамуына сенім білдірді.
Жоғары аудиторлық палатаның баспасөз қызметі