
Жоғары аудиторлық палатада сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша іс-шара өтті.
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілі Жазира Жылқышиева сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформалардың жаңа пакеттерімен, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар жүйесімен таныстырды. Жаңашылдықтар сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жақсартуға бағытталған, оның ішінде озық халықаралық стандарттар негізінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың жаңа құралдарын енгізу арқылы.
Қатысушыларға мемлекеттік қызметшілердің шығыстары мен кірістерінің сәйкестігін бақылауға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс жүйесін жетілдіруге және оны үйлестіруге қатысты соңғы түзетулер түсіндірілді.
Іс-шара барысында Жоғары аудиторлық палата жұмыскерлері қойған сұрақтарға толық жауап берілді.
Жоғары аудиторлық палатаның баспасөз қызметі