Жергілікті атқарушы органдар тоқсан сайын бос жер телімдері туралы ақпаратты орналастыруға міндетті

Жергілікті атқарушы органдар тоқсан сайын бос жер телімдері туралы ақпаратты орналастыруға міндетті

2021 жылғы маусымда жер ресурстарының ұтымды басқарылуын, пайдаланылуын және қорғалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ геодезия және картография саласындағы жер ресурстарының басқарылу тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізілді.

Аудит барысында Жер кодексінде жергілікті атқарушы органдарға бос жатқан жер телімдері туралы ақпаратты орналастыру бойынша  талаптардың жоқтығы анықталды.

Осыған байланысты ҚР Үкіметіне Жер кодексіндегі олқылықтарды жою мәселесін қарау туралы ұсыным берілді.

Осылайша, Жер кодексінің 43-бабының 1-1-тармағына өзгерістер енгізілді, оған сәйкес жергілікті атқарушы органдар бос жер учаскелері мен жоспарланып отырған сауда-саттық (аукциондар) жөніндегі ақпаратты мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында, өздерінің интернет-ресурстарында және халыққа қолжетімді жерлердегі арнаулы ақпараттық стендтерде деректерді тоқсан сайын жаңартып отыру кезеңділігімен орналастыруға міндетті.

Жоғары аудиторлық палатаның баспасөз қызметі