
Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының өкілдері Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының (БҰҰДБ) тұрақты өкілі Катаржина Вавьерниамен кездесті.
Кездесу барысында тараптар мемлекеттік аудиторларды оқыту және біліктілігін арттыру, экологиялық аудит, ОДМ аудиті, АТ-аудит, сондай-ақ гендерлік аудит әдіснамасын әзірлеу саласындағы ынтымақтастықты одан әрі күшейту мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, осы салада аудиттер мен зерттеулер жүргізу үшін сарапшыларды тарту мүмкіндігі талқылады.
Жоғары аудиторлық палата өкілдері БҰҰДБ-ның көпжақты техникалық және сараптамалық көмегін атап өтті, сондай-ақ CIPFA халықаралық біліктілік бағдарламасы бойынша ЖАП жұмыскерлерін оқыту бөлігінде қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді.
Кездесу нәтижесінде тараптар сыртқы мемлекеттік аудит жүйесін жетілдіру бөлігінде одан әрі ынтымақтастықты кеңейту туралы уағдаласты.
Жоғары аудиторлық палатаның баспасөз қызметі