Ауыл шаруашылығы министрлігі Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамасын орындау жөнінде шаралар қабылдады

Ауыл шаруашылығы министрлігі Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамасын орындау жөнінде шаралар қабылдады

2021 жылғы маусымда жер ресурстарын ұтымды басқаруды, пайдалану мен қорғауды қамтамасыз ету, сондай-ақ геодезия мен картография саласында жер ресурстарын басқару тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізілді.

Аудит барысында жүргізілетін геоботаникалық зерттеулер мен топырақ іздестірулерін жүргізу, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер бонитетінің балын айқындау мерзімін реттейтін және белгілейтін нормативтік құқықтық актілердің болмауы анықталды.  Осыған байланысты Ауыл шаруашылығы министрлігіне аталған бұзушылықтар бойынша шаралар қабылдау тапсырылды.

Жоғары аудиторлық палатаның тапсырмаларын орындау мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігі топырақты бонитерлеуді жүргізу, табиғи жем-шөп алқаптарының ірі геоботаникалық іздестіру, электрондық геоботаникалық және топырақ карталарын жасау, сондай-ақ Жердің ірі масштабты топырақ іздестірулерін жүргізу әдістемелерін бекіту жөнінде бірқатар бұйрықтар қабылдады.

Жоғары аудиторлық палатаның баспасөз қызметі