Ақтөбе облысының әкімдігі Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамасын орындау бойынша шаралар қабылдады

Ақтөбе облысының әкімдігі Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамасын орындау бойынша шаралар қабылдады

Жоғары аудиторлық палата 2016 жылы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын іске асыруға мемлекеттік аудит жүргізді.          

Мемлекеттік аудит барысында аяқталған өндірістік инфрақұрылым объектілері мүліктік құқықты тіркеусіз және тиісті пайдаланушы ұйымдарға тапсырмастан пайдаланылатыны анықталды.

Осыған байланысты облыс әкіміне БЖК 2020 бағдарламасын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бірыңғай бағдарламаны іске асыру және оны пайдаланушы ұйымдарға беру шеңберінде бюджет қаражаты есебінен салынған мүлікті тіркеу жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды.

Тапсырманы орындау үшін Ақтөбе облысының әкімдігі «Алға қаласындағы «Молочные истории» ЖШС ет өңдеу кешені үшін инфрақұрылым салу» объектісі пайдалануға қабылданды және әділет органдарында тіркелді.

Объект Ақтөбе облысы Алға ауданы әкімдігінің қаулысымен ауданның коммуналдық меншігіне берілді және Алға қаласы әкімі аппаратының балансына қойылды.

Жоғары аудиторлық палатаның баспасөз қызметі