
Жоғары аудиторлық палатаның тапсырмаларын орындаудың проактивті мониторингі шеңберінде жоғары аудит органы халықпен, бизнес ортамен және медициналық және әлеуметтік сала ұйымдарымен «кері байланыс» талдауын жүргізуде.
Осыған байланысты, Жоғары аудиторлық палата «Медициналық әлеуметтік сақтандыру қоры» КеАҚ халыққа көрсетілген медициналық қызметтердің құнын төлеуден бас тарту немесе төлемді қысқарту мәселесі бойынша медициналық мекемелердің жиілеп кеткен сигналдарына назар аударады.
Бұл ретте медициналық мекемелерге бұл шаралар «МӘСҚ» КеАҚ активтерінің басқарылу тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудитінің қорытындылары бойынша Жоғары аудиторлық палатаның тапсырмасымен қабылданатынын хабарлаймыз.
Осыған орай, Жоғары аудиторлық палата денсаулық сақтау жүйесіне жүргізілген аудиттердің бүкіл тарихында көрсетілген медициналық қызметтерге ақы төлеу көлемін қысқарту жөніндегі осыған ұқсас немесе осындай сипаттағы тапсырманың берілмегенін ресми түрде хабарлайды.
Бұған дейін аудит халықтан және бизнестен жиналатын аударымдарды (МӘМС) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде мемлекет төлейтін шығындарды жабуға заңсыз пайдалануды және керісінше анықтады.
Жоғары аудиторлық палата Денсаулық сақтау министрлігіне «МӘСҚ» КеАҚ-мен бірлесіп, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) және халық пен бизнестен жиналатын аударымдар (МӘМС) шеңберінде қаржыландыру көздерін қалыптастыру тәртібін заңнама нормаларына сәйкес келтіруді тапсырды.
Жоғары аудиторлық палатаның тапсырмаларын кез-келген басқаша интерпретациялау шындыққа жанаспайды.
Жоғары аудиторлық палатаның баспасөз қызметі