Жоғары аудиторлық палатада Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан және Өзбекстан халықтарының ұлттық дәстүрлерін, тағамдары мен костюмдерін ұсынған командалар арасында байқау өтті.
Байқауға қатысушылар ерекше сәлемдесу, халық әндері мен билерін дайындап, мерекелік дастарқан жайды. Ұлттық салт-дәстүрлер, театрландырылған қойылымдар көрсетілді. Сондай-ақ ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстар өткізілді.
Барлық командалар тағамдардыі алуан түрлілігімен, оларды дәстүр бойынша ұсына білуімен таң қалдырды. Бірақ әр дастарханның басты тағамы Наурыз көже болды.
Көрермендер мен қазылар алқасы барлық қатысушылардың шығармашылық тәсілі мен тамаша дайындығын атап өтті. Қазылар алқасы мүшелерінің айтуынша, үздіктерді таңдау оңай болған жоқ.
Іс-шара қорытындысы бойынша қазылар алқасының шешімімен, Қазақстан халқының дәстүрлері мен тағамдарын ұсынған команда бірінші орынға ие болды. Екінші орынды Әзірбайжан тағамдарын керемет ұсынған команда иеленді. Үшінші орын «Сүлеймен сұлтан» телехикаясының негізінде қойылым көрсеткен түрік командасына бұйырды. Өзбек ұлттық дәстүрлерін көрсеткен команда көрермендер көзайымы сыйлығын жеңіп алды.
Жеңімпаздар және барлық қатысушылар грамоталар мен сыйлықтармен марапатталды.
Жоғары аудиторлық палатаның баспасөз қызметі