
2021 жылғы маусымда арнайы экономикалық аймақтар қызметінің тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізілді.
Аудит барысында «ИТП» АЭА-ның балансына берілмеген инженерлік желілер мен ғимараттардың инфрақұрылымын, оның ішінде құрылыстың аяқталмауына байланысты толық басқаруды және күтіп ұстауды қамтамасыз ете алмайтыны анықталды.
Осыған байланысты Алматы қаласының әкіміне салынған инфрақұрылымдық объектілерді «Инновациялық технологиялар паркі» АЭА-ның басқарушы компаниясына, оның ішінде сенімгерлік басқару құқықтарымен беру жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды.
Тапсырманы орындау үшін Алматы қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 28 желтоқсандағы №4/755 қаулысымен Алматы қаласының энергетика және сумен жабдықтау басқармасы «ИТП» АЭА құрылысы екінші кезегінің салынған мүлкін Алматы қаласының коммуналдық меншігіне берді.
Жоғары аудиторлық палатаның баспасөз қызметі