
2022 жылғы мамырда республикалық бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігіне мемлекеттік аудит жүргізілді.
Мемлекеттік аудит барысында Денсаулық сақтау министрлігі "Қазмедтех" АҚ-ға шоғырландырылған қаржылық есептілікте қаржылық инвестициялардың көрсетуді қамтамасыз етпегені анықталды.
Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрлігіне 2022 жылғы шоғырландырылған қаржылық есептілікте "Қазмедтех" АҚ-ға қаржылық инвестициялардың толық және анық көрсетілуін қамтамасыз ету тапсырылды.
Тапсырманы орындау үшін Министрлік 2022 жылғы шоғырландырылған қаржылық есептілікте "Қазмедтех" АҚ-ға қаржылық инвестицияларды көрсетті.
Жоғары аудиторлық палатаның баспасөз қызметі