
2022 жылғы мамырда Жоғары аудиторлық палата мемлекеттік инвестициялар, квазимемлекеттік сектор қаражаты есебінен қаржыландырылатын құрылыс жобаларының сметалық құнының негізділігі тұрғысынан іске асырылу тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізді.
Мемлекеттік аудит барысында Техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидаларында ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысы берілгенге дейін Техникалық-экономикалық негіздемелер жиынтығының электрондық нұсқасын немесе Жобалау-сметалық құжаттаманың түпкілікті редакциясын ақпараттық жүйеде қалыптастыру туралы ереже жоқ екені анықталды.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне жоғарыда аталған Қағидаларға ведомстводан тыс кешенді сараптаманың бірыңғай ақпараттық жүйесі порталында ведомстводан тыс кешенді сараптаманың қорытындысы берілгенге дейін Техникалық-экономикалық негіздемелер жиынтығының электрондық нұсқасын немесе Жобалау-сметалық құжаттаманы түпкілікті редакцияда орналастыру бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды.
Жоғары аудиторлық палатаның тапсырмасын орындау үшін Қағидаларға тиісті толықтырулар енгізілді.
Жоғары аудиторлық палатаның баспасөз қызметі