Жоғары аудиторлық палатада 8 наурыз қарсаңында салтанатты жиын өтті

Жоғары аудиторлық палатада 8 наурыз қарсаңында салтанатты жиын өтті

Жоғары аудиторлық палатада 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиын өтті. Ұжымның нәзік жандыларына арнап әндер шырқалды және гүл шоқтары ұсынылды.

Жоғары аудиторлық палатаның мүшелері Михаил Бортник пен Нұрлан Нұржанов мереке себепкерлеріне жылы лебіздерін білдірді. Сөз сөйлегендер барлық әйелдерге денсаулық, амандық және отбасылық бақыт тіледі.

Жоғары аудиторлық палата қызметкерлері өз күштерімен мерекелік концерт ұйымдастырды.

Жоғары аудиторлық палатаның баспасөз қызметі